Жаздың бірінші күні Қазақстан Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл мереке жас ұрпақты - еліміздің болашағын сүюге, қамқорлық көрсетуге және қорғауға шақырады.
1 маусым күні сағат 11-де "Жұлдыз "балалар өнер мектебі "Жастар" саябағында Балаларды қорғау күніне арналған "Елдің сәні - ерке балғындар" атты концерттік-ойын бағдарламасын өткізді. Іс-шараның демеушілері "Қазақстан Халық банкі" және "Жусанбанк" АҚ болды , олар балаларға тәтті сыйлықтар таратты. Бұл күні біз балалар мен қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлауға тырыстық.
Мереке атмосферасы қуанышты және ұмытылмас болды.