Құрметті оқушылар!
Қадірлі ұстаздар, ата-аналар!
Сіздерді Соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Биылғы жылы Соңғы қоңырау салтанаты Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар келіп тұр. Барша балаларды осы айтулы мерекемен құттықтаймыз!
Қымбатты оқушылар!
Біздің Президентіміз жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспіз.
Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.