
2023 жылғы 1 маусым күні ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№11 мектеп-лицейі" КММ-де оқу жылының аяқталуына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айбарша Зейнолланқызы Нұрпейісова қатысып, оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, 2023 жылғы түлектерге емтихан мен ҰБТ тапсыруда табыс тіледі. Мектеп директоры Икамбаева Қарлығаш Ракымгазынқызы оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға мақтау қағаздарын табыс етті, сондай-ақ халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. Мереке әсерлі өтіп, түлектердің вальсімен және мектеп әнұранын орындаумен аяқталды.