"Соңғы қоңырау" мерекесі

"Соңғы қоңырау" мерекесі
2023 жылдың 1 маусым күні Өскемен қаласының барлық білім ордаларында соңғы қоңырау салтанаты өтті. Жүректерге қуаныш - шаттықпен қоса қимастық сезім сыйлаған шарада барша жас түлектерге ыстық ықылас пен ақ тілектер ақтарылды.
Өскемен қаласында 2022-2023 оқу жылында 53 білім беру ұйымы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру іс-шараларын жүргізеді. Оның ішінде 44 637 оқушы контингенті бар 48 мемлекеттік мектеп, 3 жекеменшік, 2 түзеу мекемелері жанындағы кешкі мектеп. Қала бойынша 11-сыныпты барлығы 1534 түлек бітірсе, оның 127-сі «Алтын белгі» белгісіне үміткер (2022 жылы – 130) және 157 (2022 жылы – 156) оқушы Ерекше аттестатқа үміткер. Тоғызыншы сыныпты 3715 оқушы бітірсе, оның 434-і үздік аттестатқа (2022 жылы – 397) үміткер.
9 және 11 сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. 9-сыныпта – 2-13 маусым аралығында, 11-де – 5-19 маусым аралығында.