31 МАМЫР - ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ

31 МАМЫР - ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ
 
🤗Бүгін Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтап жатыр.
📚172 мың түлек 11 сынып бітірді, оның 6 мың 800-і «Алтын белгі» үміткерлері. Ал 9-шы сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамадады. 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3% жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл – ел бойынша 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар.
⛺️Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерлер жұмыс жасайтын болады.
🧍🏻Сонымен қатар «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асырылады. Жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмыс жасайды.
☀️Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдайды.
☘️Сондай-ақ балалар «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттап, спорттық жаттықтыру жиындарында шынығады, тілдік курстарға қатыса алады.
@oqu_agartu_ministrligi