Соңғы оқу күнінде Ахмер орта мектебінде сынып сағаттары өтті

Соңғы оқу күнінде Ахмер орта мектебінде  сынып сағаттары өтті
Соңғы оқу күнінде Ахмер орта мектебі де жалпы білім беретін мектептердің барлығына тән оқу күнін сынып сағатымен аяқтады.
Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу.
Сынып сағатында ұстаздар оқушыларға оқу үшін кітаптар тізімін, сондай-ақ қарауға болатын фильмдер тізімін ұсынып, қауіпсіздік шараларын, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтарын, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігін, еңбек етудің пайдасын, ата-анаға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігін айтты.
Сынып сағатында негізінен патриотизм, Отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту тақырыптарына басымдық берілді.