IT-Ūstaz 2023 марапаттау рәсімі өтті

IT-Ūstaz 2023 марапаттау рәсімі өтті

2023 жылғы 30 мамырда Өскеменде «Ертіс концерт» алаңында «New generation» Х мерейтойлық облыстық IT-фестивалі өтті. ІТ-фестиваль аясында облыс педагогтары арасындағы байқау жеңімпаздарын IT-Ūstaz 2023 марапаттау рәсімі өтті. «ШҚО бойынша» Өрлеу АҚ филиалының директоры Гаухар Сайлаубекқызы Жұманова жеңімпаздарды құттықтап, үшінші орын үшін Өскемен қ. «Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ мұғалімі Марина Геннадьевна Дмитриеваға сымсыз құлаққаптар табыс етті. Екінші орын үшін Өскемен қаласының «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ мұғалімі Жамай Кенжехан ноутбук табыс етілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!