Қыздар арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі ұйымдастырылды

Қыздар арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі ұйымдастырылды

Халықаралық балаларды қорғау күні жоспары аясында, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Ахмер орта мектебінде 2011-2012 ж. туылған қыздар арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі ұйымдастырылды. Жарысқа Ахмер орта мектебінен Бәйжігіт командасы, Тарбағатай, Алтай командалары қатысты. Нәтижесінде 1-орынды Тарбағатай командасы, 2-орынды Алтай командасы, 3-орынды Бәйжігіт командасы иеленді.