2023 жылғы 30 мамырда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі қала мектептерінің бастауыш сыныптары директорларының орынбасарларымен отырыс өткізді. Мақсаты – 2022 - 2023 оқу жылындағы бастауыш мектеп жасындағы оқу - тәрбие үрдісіндегі проблемаларды анықтау. Директорлардың орынбасарлары «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ, К.К.Қайсанова, және «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп - лицейі» КММ М.Д.Жагыкпанова оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру және бақылау бойынша шебер - сынып өткізді.
Семинар соңында оқу - тәрбие үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру туралы ұсыныстар берілді.