«ҚР Мемлекеттік рәміздері: тарих және қазіргі заман» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді

«ҚР Мемлекеттік рәміздері: тарих және қазіргі заман» тақырыбында  интерактивті сабақ өткізілді
2023 жылғы 29 мамырда «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 8 - сынып оқушыларына арналған «ҚР Мемлекеттік рәміздері: тарих және қазіргі заман» тақырыбында диалог алаңы форматында интерактивті сабақ өткізді.
Іс - шараның мақсаты: ҚР Мемлекеттік рәміздерінің тарихына, Қазақстан халықтарының мәдени мұрасына қатысты оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейту арқылы оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Сабақтың теориялық бөлімінде балалар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен ерекшеліктерімен танысты. Диалог алаңының тәжірибелік бөлігінде, № 7, 9, 18 орта мектептерінің, № 10 мектеп – гимназиясының, Ш.Уәлиханов атындағы № 3, Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп - лицейінің оқушылары сабақ тақырыбы бойынша өздерінің плакаттары мен кластерлерін көрсетті.
Іс - шараға қала мектептерінің 2000-нан астам оқушысы қатысты.