Өскемен қаласы, №1 балалар музыка мектебі - ЮНЕСКО клубы, 1 маусым мен 20 маусым аралығында Өскемен қаласының балаларын «Жазғы дивертисмент-2023» музыкалық ойын-сауық іс-шараларына шақырады!
Сенбі және жексенбіден басқа, күн сайын, сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өткізіледі: музыкалық-ойын-сауық, музыкалық-танымдық.
Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін «Жеті нота елінде», «Би планетасы», «Балалық шақтың қызықтары», «Балалар! Шығармашылық! Жаз!», «Жазғы карусель», «Балалық шақ әлемі - ғажайыптар әлемі», «Мультивикторина», «Қазақстанның мәдени мұрасы» тематикалық шаралар ұсынады.
Іс-шаралар бағдарламасына батлдар, энерджайзерлер, музыкалық викториналар, шығармашылық байқаулар, караокеде ән айту және ырғақ ойындары кіреді.
1 тамыздан 31 тамызға дейін сағат 9.00 -17.00-ге дейін музыкалық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау жүргізіледі: фортепиано, скрипка, виолончель, домбыра, қобыз, гитара, аккордеон, аккордеон, домра, синтезатор, кларнет, саксофон, труба, флейта, хор, ұрмалы аспаптар, вокал, хормен ән айту, хореография.
Сізді музыка, өнер және шығармашылық әлеміне ұмытылмас жазғы саяхат күтеді!
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87055306735 - Дубейко Елена Анатольевна, директордың ТЖ орынбасары, мектеп сайты
https://www.ukdmsh-1.org/