"Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі жазғы кезең бойы қаланың шағын аудандарында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізу қызметін жүзеге асырады.
Балалар-жасөспірімдер клубтарының педагогтары балалар мен жасөспірімдерді жазғы каникулдарды қызығушылықпен және пайдалы өткізуге шақырады.
Балалар үшін балалар шығармашылығы, зияткерлік даму және балалар фитнесі студиялары жұмыс істейді. Спорттық және ойын алаңдары, STEAM-зертханалары, медиа студиялар, балалар фотосалоны және балалар скалодромы ашық. Барлық қатысуға ниет білдірушілер қазақ ұлттық ойындары, дойбы, шахмат, қолданбалы дизайн, бастапқы құрастыру және 3D модельдеу бойынша шеберлік класстарға қатыса алады.
Іс-шаралар анонстарын әлеуметтік желілердегі парақшалардан көруге болады:
Instagram: @uk.odpk.zhiger
Facebook: Одпк Жігер