"Жұлдыз" балалар өнер мектебі" жазғы демалыс кезінде
"Алақай, жаз келді!" атты жобаны іске қосады. Жазғы жоба үш бағытты қамтиды: көркемдік
-эстетикалық, музыкалық – шығармашылық , танымдық – ойын – сауық. Осы бағыттар бойынша өнер мектебінің педагогтары балалар бос уақыттарын қызықты өткізу үшін әр түрлі қызықты іс-шаралар өткізеді. Шығармашылық бірлестіктер, студиялар жұмысы қала мектептерімен бірлесіп жүзеге асырылады. Жазғы жоба бойынша жұмыс істеу кезінде 12 мың баланы қамту жоспарланып отыр.
Мекенжай: Е.П. Славский жағалауы, 42
Телефон: 8(7232)251462
Instagram: zhulduz_2020
Жауапты: Сабиева Жанар Болатхановна 87055072996