
«№ 2, 5, 18, 39, 47, 49 мектептерінің 2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік комиссиялардың қызметін талдау» тақырыбында қалалық семинар №49 жалпы білім беретін мектеп базасында өтті. Семинарға қала мектептерінің ғылыми - жаратылыстану бағытындағы пәндер мектеп бірлестігінің жетекшілері қатысты. № 2, 5, 18, 39, 47, 49 мектептерінің ғылыми-жаратылыстану цикл пәндерінің бірлестік жетекшілері 2022 - 2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Семинар барысында білім бөлімінің әдіскері Капчикова Н.Т. әдістемелік бірлестік жетекшілерінің міндеттерімен, нормативті құжаттарымен таныстырды. Семинарда мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру, тамыз кеңесінің ғылыми - жаратылыстану секциясын өткізу секілді басқа да мәселелер көтерілді. Семинар жоғары деңгейде өтті.