"Самғау Шығыс" балабақшасында "Мен әлемді саламын" сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Шығармашылық тақта төрінен тәрбиешілер мен балалар және ата-аналардың бірлесіп жасаған жұмыстары орын тапты. Суреттер әртүрлі болғанымен , әрбіреуі өзінше ерекше болып шықты. Балабақша тәрбиеленушілері өздерінің білімдері мен дағдыларын, өзіндік ерекшеліктері мен қайталанбас даралығын көрсете білді. Көрме маусымның 2-не дейін жалғасуын табуда.