26 мамыр 2023 жылы «№ 36 орта мектебі» КММ-нде оқу ісінің меңгерушілеріне арналған «Қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша ұйымдастыру және басару қызметі» атты қалалық теориялық семинар өтті.
Семинарда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері З.С.Скакова сөз алды. Әдіскер өз сөзінде қазақ тілі және әдебиет пәніне басшылық жасайтын оқу ісінің меңгерушілері қандай құжаттарменн қалай жұмыс істеу керектігіне толық тоқталып өтті.
Әдіскер ҚР «Тіл туралы» Заңы, тіл саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік бағдарламасы, көптілді білім беруді дамытудың кешенді жоспары туралы айта отырып, ондағы негізгі баптар, бөлімдер туралы айтып, неге көңіл бөлу керектігіне тоқталды.
Әдіскер өз сөзінде мектепішілік бақылау мен педагогикалық бақылау дәптерлеріне басымдалық жасап, оларды қалай толтыру керектігін де атап өтті.
Авторлық бағдарламалар мен вариативтік сағаттарға да тоқталды.
Семинар соңында әдіскер З.С.Скакова оқу ісінің меңгерушілерінің сұрақтарына жауап берді.