
Ұстаздық шеберлігін шыңдап, қазіргі заман талаптарына сай жаңа бағдарламалар мен сабақтарға қойылатын талаптарды меңгеру мақсатында жас мамандар өз жұмыстарын жетілдіріп келеді. Осыған орай, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебі» КММ –де жас мұғалімдер арасында мектепішілік «Жарқыра, жаса, жас маман!» атты байқау ұйымдастырылып, жас мамандар ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде Смекина А.Б., Бейсембекова А.Б., Қайсанов А.С. - 3 орын, Калиева А., Тұрдыева А.Е. - 2 орын, Нұрланова А.Н. - 1орын, Әміршенов А.М. бас жүлдемен марапатталса, қалған ұстаздар әртүрлі аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтқанда «Тапқыр ұстаз», «Жауапты ұстаз», «Жаңашыл ұстаз», «Ізденімпаз ұстаз», «Сабырлы ұстаз» т.б.