"Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі” КММ ZIYATKER дебат клубының ойыншылары Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының «Әділет» дебат клубы ұйымдастырған «Жалынды жастар - жарқын болашақ кепілі» тақырыбында оқушылар арасындағы қалалық дебат турниріне қатысып, Алмасұлы Мерхат 10 "б" сынып оқушысы, Болатбекова Аруна 9 "а" сынып оқушысы - жүлделі 1 орынға ие болды. Мектептің оқушыларын құттықтаймыз, жарайсыздар!
Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Ерболат Есен.
Дебат турниріне №3, 20, 33, 45, 49 және т.б. қала мектептері және облыстық Физмат лицейі оқушылары қатысты. Сайыс тартысты өтті. Нәтижесінде:
1 орын - № 3 мектеп- лицейі,
2 орын - Обл. физмат лицейі,
3 орын - Обл. физмат лицейі,
4 орын- №45 орта мектебі командалары жеңіске жетті.