Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру диалог бойынша алаңы ұйымдастырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру диалог бойынша алаңы ұйымдастырылды

18 мамыр күні № 10 мектеп-гимназияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде "TEDx" форматында «Белый медведь» жарнама агенттігінің директоры Соловьев Антон Борисовичтің шақыруымен диалог алаңы ұйымдастырылды. Антон Борисович, балаларға өзінің өмір жолы туралы айтып, бизнесті қалай ұйымдастыру керектігі бойынша ой бөлісіп, балалардың сұрақтарына жауап берді. Білім берудің құндылығы және өзіне жауапкершілік пен адалдықты қалай тәрбиелеу қажеттілігі туралы да сөз қозғады.