«№ 29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығы ТЖД өртке қарсы қызметінің мұражайының «Ашық есік» күніне қатысу туралы

«№ 29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығы ТЖД өртке қарсы қызметінің мұражайының «Ашық есік» күніне қатысу туралы
18 мамырда Дүниежүзілік мұражайлар күні атап өтіледі. Осыған байланысты, «№ 29ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының тыңдаушылары ШҚО ТЖД «Өрт-техникалық» мұражайына барды.
Мұражай жетекшісі: Қожаканова Кульмира Хаджиевна балаларға қызықты экскурсия өткізді. Өскемен қаласында өрт күзетінің құрылу тарихы туралы айтып берді. Балалар мұражай экспонаттарын қызығушылықпен зерттеді. Көрме залдарында оқушылар 19 ғасырдағы қолмен қолданатын өрт сорғысын, өрт сөндірушілердің заманауи жауынгерлік киімдерін көрді, өрт сөндірушілердің ерліктері туралы естіп, білді.
Сондай-ақ, балалар №6 өрт сөндіру бөліміне қонақтап барды. Олар өрт техникасының мүмкіндіктерімен танысып, өрт сөндірушілердің тұрмысымен және қызметімен танысты.
«№29 ҚББМО» КММ Жас құтқарушы орталығының педагогтары мұражай қызметкерлеріне, тарихты сақтап, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелегені үшін шын жүректен алғыс айтты.