
2023 жылдың 17 мамыр күні сағат 10.00 де ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» КММ-де ШҚО білім басқармасының хаты негізінде білім беру орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушыларды, білім беру орнының қызметкерлерін төтенше жағдайда әрекет етуге үйрету мақсатында эвакуациялық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Іс-шараға 330 оқушы, 72 мектеп қызметкері тартылды. Іс-шара соңында орын алған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.