2023 жылдың 17 мамырында Өскемен қаласының № 34 мектеп-лицей базасында «2023 жылғы қорытынды аттестаттауды өткізудің өзекті мәселелері. ОӘК пәндері бойынша емтихан тапсырмаларын талдау» атты семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінің математика, физика, информатика мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: оқушылардың қорытынды емтихан дайындау жүйесін оңтайландыру.
Жемісті жұмысты № 34 мектеп-лицейінің мұғалімдері, қалалық шығармашылық зертхана меңгерушілері: Ирина Михайловна Горлова (физика пәні мұғалімі), Анна Юрьевна Куликова (математика пәні мұғалімі), Наталья Анатольевна Беляева (информатика пәні мұғалімі) ұйымдастырды.
Топтық жұмыс барысында емтихандарын тапсыруға қойылатын жаңа талаптарды қарастырдық, оқушылардың қорытынды аттестацияға дайындаудағы мұғалім жұмысының жеке алгоритмін құрастырды, тәжірибемен бөлісті, қорытынды аттестацияға дайындауда проблемалық өрісті шешу жолдарын анықтады.
Пікірлер оң: олар емтиханға дайындалу ерекшеліктерін, көптеген пайдалы нәрселерді ашты. Қызықты, жемісті, практикалық семинар (қатысушылар айтуы бойынша). Барлығы риза болып, әрі қарай өнімді, нәтижелі жұмыс істеуге ынталанды.