2022-2023 оқу жылының соңындағы өзекті мәселелер, қорытынды аттестцияны ұйымдастыру және өткізу» атты қалалық семинар

2022-2023 оқу жылының соңындағы өзекті мәселелер, қорытынды аттестцияны ұйымдастыру және өткізу» атты қалалық семинар
2023 жылдың 17 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласының білім бөлімі «2022-2023 оқу жылының соңындағы өзекті мәселелер, қорытынды аттестцияны ұйымдастыру және өткізу» атты қалалық семинар қала мектептері директорларының оқү ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өткізілді.
Семинардың мақсаты: 9,11 сыныптардағы қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізуді ақпараттық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету.
Қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі Нұрпейісова А.З. қаланың білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу ережелерімен, пәндер бойынша емтихан тапсырмаларын спецификацияасымен таныстырды.
Семинарға қатысушыларды «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының ережесімен ОӘК әдіскері Шакерова Д.Л. таныстырды.
Семинарға директордың ӨД жөніндегі 52 орынбасарлары қатысты. Семинар қорытындысы бойынша қорытынды аттестацияны ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар берілді.