Робототехникадан, 3d моделдеуден және 3d баспадан семинар

Робототехникадан, 3d моделдеуден және 3d баспадан семинар
2023 жылдың 17 мамырында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жас техниктер станциясы» КМҚК-да Өскемен қаласы мектептерінің педагогтері үшін робототехникадан, 3d моделдеуден және 3d баспадан семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: робототехника бойынша оқушылармен ғылыми жобалаумен айналысатын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
​Семинар барысында педагогтер блоктық бағдарламалауға арналған XOD платформасымен, 3d моделдеуге арналған SketchUp бағдарламасымен танысты, 3d принтерлердің қандай түрлері бар және олардың айырмашылығы неде екендігін, қандай пластиктер бар және олар қандай жұмыстарға жарайтындығы туралы білді. Сондай-ақ педагогтер пластикті калибрлеудің, ауыстырудың процестерімен және 3d принтерде жұмыс істеу кезінде кездесетін негізгі проблемалармен танысты.