“Жаратылыстану пәндері бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттауды дайындау мен өткізудің өзекті мәселелері” тақырыбында семинар

“Жаратылыстану пәндері бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттауды дайындау мен өткізудің өзекті мәселелері” тақырыбында семинар

17 мамыр 2023 жылы мектебімізде қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша биология, химия, география пәндері мұғалімдерінің “Жаратылыстану пәндері бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттауды дайындау мен өткізудің өзекті мәселелері” тақырыбында семинар өтті. Семинарға қатысушыларды мектеп директоры Н.М. Тарина және ғылыми-жаратылыстану цикл пәндері бойынша қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Т. Капчикова құттықтады. Биология пәні мұғалімдері Тесленко Н.В., Кошенова С.Ж., география пәні мұғалімдері Сабиева А. Д., Минсафина Л., химия пәні мұғалімдері Безъязычных А.В., Канапиянова Б. С. қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша жұмыс тәжірибелерін ұсынды. Семинарға қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылды.