2023 жылдың 19 мамырында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» «Менің таңдауым - TAZA KALA!» бағдарламасы аясында қала мектептерінің 7-8 сыныптарына арналған «Бізбен бірге сұрыпта» экологиялық сабағын өткізді.
«Бізбен бірге сұрыпта» сабағына Өскемен қаласының білім беру мекемелерінің 7-8 сыныптарының 24 оқушысы және 13 ұстазы қатысты.
Экологиялық сабақты Өскемен қаласының білім бөлімінің әдіскері Капчикова Нургуль Тлеубековна ашып, оқушыларға Өскемен қаласының қалдықтар мәселесінің өзектілігі және Өскемен қаласында ашылған «Қоқыстарды сұрыптау зауытының» маңыздылығын айтып өтті.
Сабақта "Оқу-зерттеу экобиоорталығының" әдіскері Назым Бақытқанқызы Серікова мектеп оқушыларына қалдықтарды кәдеге жаратумен байланысты экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары туралы айтып берді.
Оқушылар алған білімдерін интерактивті ойын тапсырмаларында бекітті. Тапсырмаларда қоқыстарды сұрыптап, қалдықтардың ыдырау уақытын анықтап, қоқыстармен күресудегі ең тиімді әдістерге талдау жасалды.
Сабақ соңында болашақ ұрпақтың бойында эко-әдеттерді қалыптастыруға арналған ұсыныстар айтылды.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, тапсырмаларды орындады, сұрыптауды әрбір отбасы қолға алса, қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қажет емес заттарды жаңа және пайдалы заттарға айналдыруға болатынын айтып өтті.
Өткізілген экологиялық сабақ оқушылардың назарын қалдықтармен күресу мәселесін шешуге әр адамның қосқан үлесіне аудару және экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара оқушылар мен мұғалімдердің оң пікірлерін алды.