Үнді жазушысы, ақын Рабиндранат Тагордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысуы туралы

Үнді жазушысы, ақын Рабиндранат Тагордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысуы туралы
2023 жылдың 19 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 сынып оқушылары Қасым Қайсенов атындағы саябақта үнді жазушысы, ақын, композитор және суретші Рабиндранат Тагордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсім Халықаралық музейлер күні акциясы аясында өтті.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы Санджай Веди мырза қатысты. Гимназия оқушылары жазушының өлеңдерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыды.
"Қазақстанда ұлы ақын, ойшыл, Абай Құнанбайұлы болып саналса, Рабиндранат Тагор да Үндістан үшін ұлы ақын болып саналады. Бүгінде Үндістанның ақын-ойшылы екі халықтың – Үндістан мен Қазақстанның мәдениетін жақындастыруға көп үлесін қосады".