«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9 - 11 сыныптарды қорытынды аттестаттау» тақырыбында қалалық семинар өтті

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9 - 11 сыныптарды қорытынды аттестаттау» тақырыбында қалалық семинар өтті
2023 жылдың 17 мамырында «№ 26 орта мектеб» КММ-де «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9 - 11 сыныптарды қорытынды аттестаттау» тақырыбында қалалық семинар өтті.
​Семинар жұмысының басында семинар тақырыбы бойынша Google-сауалнама іске қосылды. Мектеп психологі Э.Р.Нурсеитова «Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін» сипаттап, шағын тренинг өткізді.
​Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдерінің жұмысын әдістемелік бірлестік жетекшісі А.К.Тогусова таныстырды.
​Баяндамашылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Б.Н.Губайдулина, М.Д. Ахметова 11 сынып бойынша мұғалімдер папкасындағы ерекшеліктер мен нормативтік құжаттар туралы айтып берсе, О.Ж.Кенжебаева өзінің әдістемелік қоржынымен бөлісті: эсселер жинағы, онда әр тақырыпқа презентация және бейнероликтер мен 11 сынып тапсырмалары бар мәтіндер жинағына сілтемелер болды. Д.Д.Тогузова «Миллион кімге бұйырады?» ойын технологиясын қолданды, онда АКТ-мен жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын көрсетті. Ол топтық жұмыс кезінде 10-сынып оқушыларының білімін бекіту үшін Tarsia Maker, Prezi.com, Padlet, zipgrade стратегияларын қолданды. А.М.Уркунчинова 9-сыныптарды емтиханға дайындау бойынша «Кім жүйрік?» ойынын ұсынды. Ол оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау үшін теориялық және практикалық материалдарды қолданды.
​Семинардың жұмысы барлық қонақтарға ұнады, біз оған рефлексия жасау барысында көз жеткіздік.
​Баршаңызға үлкен жеңістер мен өркендеу тілейміз!