«Үздік тіл пәндерінің мұғалімі - 2023» байқаудың қалалық кезеңіне қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі

«Үздік тіл пәндерінің мұғалімі - 2023»  байқаудың қалалық кезеңіне қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі
2023 жылғы 19 мамырда ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 9 орта мектебі» КММ базасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін «Үздік тіл пәндерінің мұғалімі - 2023» облыс әкімінің сыйлығына арналған байқаудың қалалық кезеңіне қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқауға қаланың 18 мектебінен қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Іс - шараға 31 мұғалім, оның ішінде жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер шақырылды. Байқауға қатысушылар алдында білім бөлімінің тіл пәндері бойынша әдіскерлері З.С. Скакова, Е. П. Круглова сөз сөйледі, олар көптілділіктің қазіргі білім берудің басымдықтарының бірі ретінде маңыздылығын атап өтті.
​Қазақ тілі мұғалімдері арасындағы қалалық байқауда I – орынды Ж.К. Тойбулдинова - № 29 мектеп, II - орынды – Д.Д. Бөкеева, № 7 мектеп, III-орынды-Н.З. Магзиева № 10 мектеп - гимназия иеленді. Орыс тілі мұғалімдерінің арасында: I - орын А.С.Турсынғалиева, № 3 мектеп - лицей, II орын - Р. К.Абышева, № 46 мектеп, III орын – А.А.Сембинова, № 49 мектеп. Ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында: I - орын Р.Ж.Мухаметрахимова - № 46 мектеп, II орын – Ж.М.Манапова, № 48 мектеп, III орын - Т.Л.Нигай - № 8 мектеп. Сондай-ақ, іс-шарада «Диалог шебері», «Үздік көптілді мұғалім», «Ең креативті» және басқа да аталымдар бойынша үздік педагогтар атап өтілді. Байқау жүлдегерлері мен қатысушыларына грамоталар мен сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ, қатысушылар № 46 мектептің ағылшын тілі мұғалімдерінің қалалық байқауының жүлдегері Р.Ж. Мұхаметрахимованы, № 3 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С. Тұрсынғалиеваны құттықтады, олар облыс әкімінің «Үздік тіл пәндерінің мұғалімі - 2023» облыс әкімінің» сыйлығына байқауының облыстық кезеңінен жеңімпаз атанды
​Құттықтаймыз!