«Екі жұлдыз» көп жанрлық дуэттер фестивалі

«Екі жұлдыз» көп жанрлық дуэттер фестивалі

2023 жылдың 16 мамырында №19 мектеп - қосымша білім беру орталығының базасында «Екі жұлдыз» көп жанрлық дуэттер фестивалі өтті. Фестивальдің қатысушылары – «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ оқушылары, №15, 19, 37 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен мұғалімдері және волонтер-студенттер. Іс-шараның мақсаты – таланттарды қолдау және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін іске асыру. Іс-шара жағымды, жылы және достық жағдайда өтті. Құзыретті қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, «ВОСТОКВЗРЫВПРОМ» ЖШС директоры Сомов Дмитрий Олеговичтің демеушісі атынан дипломдар мен тәтті сыйлықтар табыс етті. Барлығы бірауыздан мұндай шаралар келесі жылы да жалғасын табуы керек деген пікір білдірді.