
2023 жылдың 1 наурызынан 1 мамырына дейін Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің отбасым - оқуға құштар отбасы» атты оқырман отбасыларының марафонын өткізді. 22 мектептен 2 - 9 сынып оқушыларының 37 отбасы қатысуға өтінім берді. Марафон екі кезеңде өтті. Бірінші мектепішілік кезеңде, 1 наурыздан 1 сәуірге дейін отбасылар байқауды ұйымдастырушы ұсынған кітаптарды оқыды. Бір айда көбірек кітап оқыған отбасылар қалалық кезеңге шықты. II қалалық кезең үш жас санатында: 2 - 4, 5 - 7, 8 - 9 сыныптарда «Менің отбасым - оқуға құштар отбасы» тақырыбында бейнероликтер байқауы ретінде өтті. № 7, 10, 14, 34, 36, 44, 49 мектептер отбасылық жұмысты орындауға ерекше және шығармашылықпен қарады. 2023 жылғы 10 мамырдабайқаудың қорытындысы шығарылды.
Тәуелсіз сарапшылардың нәтижелері бойынша әр жас тобында жеңімпаз отбасылар анықталды: 2 - 4 сынып - Қадылбеков Алдиярдың отбасы (№ 6 орта мектеп); Асылбаевтар отбасы (№ 10 мектеп - гимназия); Борискиндер отбасы (№ 34 мектеп - лицей); 5 - 7 сынып - Рыль Давидтің отбасы (№ 36 орта мектеп); 8 - 9 сынып - Зайрный Михаилдің отбасы (№ 36 орта мектеп); Рахметолла Наргизаның отбасы (О.Бөкей атындағы № 44 лицей); Асқаровтар отбасы (№ 49 жалпы білім беретін мектеп). Оларға жеңімпаздардың дипломдары табысталды. Қалалық кезеңге қатысқан қалған отбасылар сертификаттармен марапатталды. Асылбаевтар отбасы мен Асқаровтар отбасы «Оқуға ең құштар отбасы» облыстық байқауына қатысады.