15 мамырда «Ертіс концерт» залының алаңында Өскемен қаласындағы Оқушылардың шығармашылық сарайы балалар шығармашылық ұжымдарының есеп беру концерті өтті. Концерт Қазақстандағы Отбасы күніне арналды және өз тұжырымдамасында балалық шақ, шығармашылық және отбасылық құндылықтарды біріктірді... «Мен бақыт суретін саламын» - бұл идеяны шығармашылық сарайдың вокалдық, хореографиялық және театрлық студиялары сахнаға шығарып көрсетті. Концертке барлық шығармашылық ұжымдар қатысып, өткен жылы халықаралық және республикалық деңгейде жүлделі орындарға ие болған өз репертуарларындағы ең үздік нөмірлерді ұсынылды.
Концерттің жарықтандырылуы мен безендірілуіне
жас журналистер зор үлес қосты. Концерт барысында бір мезгілде Сарайдың әлеуметтік парақшаларында тікелей эфир көрсетіліп, мәтіндік репортаждар жарияланып, фоторепортаждар дайындалды.