Саптық дайындық байқауы

Саптық дайындық байқауы
Оқушылар бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Ұлы Отан соғысы кезіндегі халқымыздың ерлігіне мақтаныш сезімін ұялату мақсатында 04 мамырда Ахмер орта мектебіндде Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күніне арналған саптық дайындық байқауы өткізілді. Әр сынып саптық дайындықта келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды:
- сыртқы түрі (келбеті, эмблемасы) ;
- тәртіп (бір қатар, екі қатар, үш қатарға тұру);
- командаларды орындаудың анықтығы мен дұрыстығы;
- командаларды берудің нақтылығы мен дұрыстығы, командирдің есебі;
- әннің орындалуы.
Әділқазылар алқасы балалардың байқауға жоғары дайындығын атап өтті. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.