Жеңіс күніне арналған ашық іс-шара өткізілді

Жеңіс күніне арналған ашық іс-шара өткізілді

5 мамыр күні №7 "Радуга" балабақша-бөбекжайында мектепке дейінгі балалар үшін Жеңіс күніне арналған ашық іс-шара өткізілді. Балалар тақпақ оқып, өлең айтып және сонымен қатар біздің халқымызға оңайшылықпен келмеген Жеңіс тарихымен танысты. Балабақша педагогтары осындай іс-шаралар арқылы балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм сезімдерін сіңіріп келеді.