Акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша жарыстар ұйымдастырды

Акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша жарыстар ұйымдастырды
ТЖД қолдауымен "№ 29 қосымша білім беру мектебі" КММ "Жас құтқарушы" орталығы акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша жарыстар ұйымдастырды. Жарысқа мектептерден 100 оқушы қатысты,олар №: 1, 4, 10, 16, 19, 22, 26, 29, 36, 37, 39, 42 қала мектеп оқушылары болды.
Оқушылар қиын кезеңдерден өтуі керек еді. Алдымен жәбірленушіні арнайы "коконға" жабдықтап, қайықпен дұрыс амалдарымен және мәреге дейін су арқылы жеткізіп, құтқару құралдарын қолдана білу және "Александровтың құтқару ілмегінің" көмегімен суға батып бара жатқан адамға көмектесу, жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, "штангада тартылу"кезеңдерінен өту болды. Күрес қиын да қызықты болды. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша жарыс жеңімпаздары болып: №4 мектептің балалары иеленді, №29 мектептің оқушылары үшін 2 орынды, № 10 және №16 мектептердің жас құтқарушылары үшінші орынды алды.
Оқушылар құтқарушы мамандығының негіздерін арнайы сыныптан тыс сабақтарда өтеді. Практикалық сабақтардың арқасында жас құтқарушылар құтқару тораптарын тоқуды, алғашқы медициналық көмек көрсетуді, командада үйлесімді әрекет етуді және төтенше жағдайлар кезінде кедергілерді еңсеруге үйренеді.