«Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған құттықтау ашықхаты» атты шеберлік дәрісі

«Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған құттықтау ашықхаты» атты шеберлік дәрісі

24 сәуір күні «№11 Мектеп-лицей» КММ-нің негізінде ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК-ның қосымша білім беру педагогы 1 сынып оқушылары үшін «Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған құттықтау ашықхаты» атты шеберлік дәрісін өткізді. Іс-шараның мақсаты: 1 Мамырға арналған құттықтау ашықхатын қолдан жасау. Көгершіннің бейнесі бар нышандық композицияны жасап шығару. Оқушылар бөлшектердің түрлі-түсті екпіндерін пайдалана отырып, ұсынылған жаймалар бойынша қағаздан көгершіннің пішінін желімдеп жасады. Әр оқушыда шығармашылық тәсілдемесі мен ойлау қабілеті әртүрлі болғандықтан, жұмыстары алуан түрлі әрі өте қызықты болып шықты. Педагог балалармен жұмыс істей отырып, оларға көктемгі мейрамның мерекелік көңіл-күйін бере алды.