«Алтын гүлшоғыры» XIV балалар-жасөспірімдер клубтарының фестивалі

«Алтын гүлшоғыры» XIV балалар-жасөспірімдер клубтарының фестивалі
Өскемен қаласының «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі «№ 36 орта мектеп» КММ базасында 2023 жылғы 23 сәуірде «Алтын гүлшоғыры» атты үлкен мерекені өткізді.
«Алтын гүлшоғыры» фестивалі - балалар-жасөспірімдер клубтарының дәстүрлі іс-шарасы. Педагогтар мұғалімдер бүкіл оқу жылындағы жұмысты қорытындылайды, ал сахнада үздік білім алушылар өнер көрсетеді.
Биылғы жылы Фестиваль ерекше форматта өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары әріптестеріне, білім алушыларға және ата-аналарға шығармашылық-педагогикалық Joy crossing формасында ұсынды. Жас педагогтар бір жылдағы жұмысының нәтижелерін көрсетті. Шығармашылық бірлестіктерінің білім алушылары фестивальдің барлық қонақтарын өз жұмыстарымен қуантты. Концерттің бағдарламасы жарқын, бай және алуан түрлі болды.
Мерекелік іс-шара балалар мен педагогтардың балалар-жасөспірімдер клубтарының әнұранын орындауымен аяқталды.