
22 сәуір күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК-ның «Спорттық туризм» және «Туристік көпсайыс» үйірмелік бірлестіктерінің тәрбиеленушілері Секисовка ауылына жақын жерде орналасқан «Күнтізбе» атты тауына (биіктігі 1107 м) зерттеу туристік жорығын жасады. Оқушылар аймақтың туристік мүмкіншіліктерін зерттеу бойынша жұмыстар жүргізді, жергілікті флора мен фаунасын зерттеді.