ЖҚИ жасақтары слеті өтті

ЖҚИ жасақтары слеті өтті
2023 жылдың 21 және 22 сәуірінде Өскемен қаласында ЖҚИ жасақтары құрылуының 50 жылдығына арналған ЖҚИ жасақтары слеті өтті. Слеттің ұйымдастырушылары «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» МКҚК «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубтарының бірлестігі, ШҚО білім басқармасы және «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ қолдауымен ШҚО ПД ЖПҚБ болды. Слетке қаланың 41 мектебі мен қосымша білім беру ұйымдарынан 500 адам қатысты. Жас қозғалыстың инспекторлары жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздері, ЖҚИ тарихы, ЖКО зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша өз білімдерін көрсетті. Слеттің негізгі міндеті балалар мен жасөспірімдердің жолдағы қауіпсіздігінің алдын алу болды. Слет ұйымдастырушылары солардың базасында осы слет өткізілген «30-шы жалпы білім беретін мектеп» КММ және «А.Байтұрсынов атындағы 20-шы орта мектеп» КММ директорлары мен педагогикалық ұжымдарына алғыс білдіреді.
Жас қозғалыс инспекторлары слеті жеңімпаздарының алғашқы ондығына мыналар кірді:
1 орын: « А. Байтұрсынов атындағы №20-шы орта мектеп» КММ және «№30-шы жалпы білім беретін мектеп» КММ;
2 орын: «З. Ахметов атындағы №16-шы орта мектеп» КММ және «М. Әуезов атындағы №17-ші орта мектеп» КММ;
3 орын: «№37-ші орта көпсалалы мектеп» КММ және «Ы.Алтынсарин атындағы №39-шы орта мектеп» КММ;
4 орын: «№26-шы орта мектеп» КММ және «№29 ҚБМО» КММ;
5 орын: «Ахмер орта мектебі» КММ және «№13-ші орта мектеп» КММ.
Жеңімпаздар грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды. Жас инспекторлар атап өткендей, слеттің ең басты жеңімпазы, ол - достық, сондай-ақ осы екі күн сыйлаған тамаша көңіл-күй. @rumcdo_official