Оқушылардың шығармашылық сарайында "Game Arena" үстел ойындары бойынша тәрбиелік жобасы іске қосылды, оның аясында 20 сәуірде алғашқы іс-шара өтті. Қала мектептерінің 8-9 сынып оқушылары «Мунчкин» интеллектуалды үстел ойынына қатысты. Бір жарым сағат бойы қатысушылар стратегиялық дағдыларын дамытып, жеңімпаздың ең жоғары деңгейін алу үшін жарысты.