"Балалық шақ қаласы" атты есептік концерті өтті

"Балалық шақ қаласы" атты есептік концерті өтті
21 сәуір күні "Жұлдыз" балалар өнер мектебі" Металлург мәдениет сарайында "Балалық шақ қаласы" атты есептік концертін өткізді. Есептік концерт - оқу жылының қорытындысын шығарудың бір түрі.Бірінші қабатта сурет бөлімінің оқушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.
Өнер мектептің үздік шығармашылық ұжымдары көрермендерді өздерінің мың бұралған билерімен және әсем әндерімен қуантты. Мерекенің жүргізушілері театр сыныбы мен көркем сөз сыныбының оқушылары болды. Әрине, шәкірттерінің жанында өздерінің мамандықтары мен оқушыларын жақсы көретін педагогтары болды. Ешкім бей-жай қалмады! Көтеріңкі көңіл-күй мен қол шапалақтау-бұл концерттің сәтті өткендігінің дәлелі!