Өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге арналған қызықты викторинасын өткізді

Өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге арналған қызықты викторинасын өткізді
2023 жылдың 17- сәуірінде Қазақстан Республикасының Өрт сөндіру қызметінің 105 жылдығының тойлануына байланысты «№29 мектеп қосымша білім беру орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығымен ұйымдастыруымен 6 - сыныптағы «Жас құтқарушылар» жасақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге арналған қызықты викторинасын өткізді.
Жасақтар топтарларға бөлінді:. Топ өз капитандарын таңдады. Өрт деген не екендігі туралы әңгімелесті. Ойын басталды! Командалар жұмбақтарды шешіп, өрт сөндірушілерді телефон арқылы шақырып, Тегін, аты-жөнін және үй мекен-жайын көрсетіп, назар аудару тапсырмасын орындады, суреттен өрттің себебін анықтады және оның болдырмау себептерін табуға болатынын түсіндірді.
Қатысушылар өз топтарын сәтсіздікке ұшырауына жол бермеуге тырысты. Нәтижесінде жеңімпаздар таңдалды. Балалар бір-бірін құттықтап, эмоциялар аздап басылғаннан кейін оқушылармен өрттен қалай құтылуға болатыны, қандай ережелерді сақтау керектігі туралы әңгіме жүргізілді. Іс-шара соңында балалар қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау маңызды деген қорытындыға келді, өйткені бұл ережелер өмірді сақтауға көмектеседі.