
"Патриот" - азаматтық - патриоттық бағыттағы және отбасылық тәрбие айлығының аясында "С.Нұрмағамбетов атындағы 4 орта мектебі" ҚММ 4 взводы Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінде Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан 17 сарбазын еске алу кешіне қатысты. Іс шараға осы шайқасқа қатысқан ардагерлер, офицерлер, мерзімді қызметтегі сарбаздар қатысты. Іс-шара қаза тапқан 17 сарбазды еске алудан - бір минут үнсіздіктен басталды.