«Ornis-2023» қалалық экологиялық-орнитологиялық фестивалі

«Ornis-2023» қалалық экологиялық-орнитологиялық фестивалі
12 сәуірде «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» Халықаралық құстар күніне арналған «Ornis-2023» қалалық экологиялық-орнитологиялық фестивалін өткізді. Іс-шараның мақсаты Өскемен қаласы мектептерінің оқушыларын туған өлкесінің биологиялық әртүрлілігін зерттеу, құстардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін тану саласындағы білімдерін жетілдіру және табиғатты қорғау шараларын жүргізу жұмыстарына тарту болды.
Қалалық білім бөлімі мен «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» қала оқушыларына арнап ұйымдастырған «Орнис-2023» қалалық фестивалі қорытынды орнитологиялық іс-шара болып табылады, оған қоса орнитологиялық олимпиада мен мектеп оқушылары мен педагогтарға арналған «Өскемен қаласында және оның төңірегінде көктемгі экологиялық-фенологиялық бақылауларды ұйымдастыру» семинар сабағын бірге өткізді. Дәріскерлер: қалалық білім бөлімінің жаратылыстану-ғылыми цикл бойынша әдіскері Н.Т. Капчикова және «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» директоры, биология ғылымдарының кандидаты А. П. Цыганов.
Орнитологиялық олимпиада Google forms платформасында екі тілде электронды форматта өткізілді. Қазылар алқасының құрамы: М.Н.Райысов - Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Өскемен орман шаруашылығы» КММ аңшы-маманы; С.К.Айтхожина - «С. Аманжолов ат. ШҚУ» ҰАҚ «Экология және география» кафедрасының сениор-лекторы, жаратылыстану ғылымының магистрі; А.П.Цыганов А.П. – б.ғ.к. «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК директоры.
«Орнис-2023» фестивалі аяқталысымен қорытындысы шығарылды. Қатысушылардың жалпы саны 63 адамды құрады. Орнитологиялық олимпиадаға 18 мектеп қатысты:1,3,4,7,8,14,16,17,18,19,22,23,24,36,38,42,46,47.
Олимпиада қорытындысы бойынша орындар берілді:
Бас жүлде
Кенжеғали Темірлан (№24 ом)
1 орын
Алямкин Никита (№ 36 ом)
Тюменцева Ева (№ 8 ом)
Серікова Мәрия (№2 ом)
2 орын
Бутин Кирилл (№ 19 ом)
3 орын
Гулякина Мария (№ 23 ом)
Злобина Светлана (№ 4 ом)
Чувашова Ирина (№ 18 ом)
Манарбек Айша (№ 3 ом)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!