ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің « № 35 орта мектеп» КММ-сі 15 сәуір күні «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Мереке мақсаты: қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін насихаттау, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру.
Мерекеге мектеп оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Шараға арналып алты қанатты киіз үй, алтыбақан құрылды. Қымызхана, шұбатхана, көжехана және қазақтың ұлттық тағамдары орталығы жұмыс жасап, келген қонақтарды тағамның жасалу жолдарымен таныстырды, дәм татырды.
Шараны 100 домбырашы оқушылар «Ерке сылқым» күйімен ашты. Келесі кезекте мектептің 100 бишісі «Қара жорға» биін биледі. Апалар шашу шашты. Мектеп директоры Таймова Анна Мухамедановна мереке шымылдығын ашып, құттықтау сөз сөйледі. Концерт барысында қазақтың ұлттық киімдері дәріптеліп, қыз ұзату дәстүрі көрсетілді. Мектеп ұстаздарынан құрылған «Қазына» ансамблі қазақтың халық әндерінен папури айтты. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Мереке барысында қазақ халқының ұлттық қолөнерлері мен ұлттық ойындары- жүн түту, жіп иіру, ою ою, құрақ құрау, қамшы өру, тоғызқұмалақ, асық ойнау, қол күресі,арқан тарту сияқты шаралар көрермендер назарына ұсынылды.
Алтыбақан маңында қыздар мен жігіттер айтысы, салт айтыс, жұмбақ айтыс өткізілді.
Мереке соңында ата-аналар мен көрермендер өз алғыстарын айтты.