Конференция 2023 жылғы 14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ алаңында өткізілді.
Конференцияның негізгі мақсаттары:
ҰОС тарихын зерделеу, Панфилов дивизиясының ерлігі және шығыс қазақстандықтардың соғысқа қатысу барысындағы ғылыми - зерттеу қызметін дамыту арқылы жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбиені өзектендіру;
Оқушылардың ақпараттық - тарихи мәдениетін, патриоттық санасын арттыру.
Конференцияның негізгі міндеттері:
Өңірдегі ерікті - іздестіру қозғалысының қызметіне қатысты оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейту;
Заманауи ақпараттық технологиялар арқылы оқушыларды ерікті - іздестіру қызметіне тарту;
Тарихи мұрағаттар және цифрлық ресурстармен жұмыс істеу кезінде IT -құзыретті іске асыру арқылы оқушылардың зияткерлік және ғылыми әлеуетін, зерттеу құзыреттерін дамыту.
Төрт бөлім жұмыс істейді: № 1 «Панфилов дивизиясы - ерліктің тарихы» секциясы, № 2 «Панфиловшылар - біздің жерлестеріміз» секциясы, № 3 «Үйге ұзақ жол» секциясы ( ерікті - іздестіру отрядтарының жұмысы туралы), № 4 «Кеңес Одағының Батырлары - қазақстандықтар» секциясы.