Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2023 жылғы 6 ақпаннан 10 сәуірге дейін облыс педагогтары арасында «IT-Ūstaz 2023» облыстық байқауын өткізді.
Байқау оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының перспективалық бағыттарын әзірлеу саласында орта білім беру ұйымдары мен жеке педагог қызметкерлердің инновациялық әлеуетін анықтау, педагогтардың цифрлық ойлауын қалыптастыру, IT-бағыттарды енгізу режимінде жұмыс істейтін мұғалімдердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді.
«IT-Ūstaz 2023» облыстық байқауына 15 жұмыс ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша Өскемен қаласының мұғалімдері жеңімпаздар аталды:
Екінші орын – Жамай Кенжехан, Өскемен қаласы, «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ-ның информатика пәні мұғалімі.
Үшінші орын – Дмитриева Марина Геннадьевна, Өскемен қаласы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ-ның информатика пәні мұғалімі.
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Педагогтарға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!