«Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдау баспалдағы» ынтымақтастық аясындағы әдістемелік керуен өтті

«Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдау баспалдағы» ынтымақтастық аясындағы әдістемелік керуен өтті
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі 100 жылдық мерейтойы аясында Колледж директоры Курманов Фархат Саканович өз жұмыс тобымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ-сі ұжымына «Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдау баспалдағы» ынтымақтастық аясындағы әдістемелік керуен өткізді.
Әдістемелік -керуен мақсаты: Колледждің озық тәжірибелермен танысу, сандық білім беру ресурстарын практикада қолдануға, оқушылармен оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әдістемелік тәжірибе алмасу.
​Ғасырлық тарихы мен тағылымы бар білім ордасынан келген оқытушылар мектеп мұғалімдеріне «Өз - өзіңді танысаң - істің басы» танысу тренингі, Білім беру үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану», «Педагогикалық ынтымақтастық және психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру жолдары» тақырыбында оқыту-семинарын жүргізіп, 9-11 сынып оқушыларына колледж директорының ҒӘЖ орынбасары Р.М.Жакашев «Кәсіптік бағдар» тақырыбында мамандық таңдау дәрісін оқыды. Барлық семинарға қатысушыларға сертификат табысталды. Семинар соңында мектеп директоры М.Қ.Кенжин колледж ұжымына мектеп атынан алғыс айтып, алдағы уақытта да ынтымақтастық аясындағы жұмыс жалғасын табатынына сенімін білдірді.