«Менің алғашқы зымыраным» атты станциялық көрмесі

«Менің алғашқы зымыраным» атты станциялық көрмесі
10-15 сәуір аралығында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК-да «Зымыран моделдеу» үйірмелік бірлестігінің «Менің алғашқы зымыраным» атты станциялық көрмесі өтуде.
Аталған іс-шараның мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту, балалалар техникалық шығармашылығын дамытуға және насихаттауға қолғабыс ету, жарыстарға бастапқы дайындық жүргізу, неғұрлым талантты оқушыларды анықтау.
Жас моделистер көрмеге С3А класындағы зымырандардың 16 моделін ұсынды. Балалар техникалық шығармашылық пен өнертапқыштықтың республикалық жарысының облыстық кезеңіне қатыстырылатын үздік моделдерін жасап шығарды (әуе, авто, зымыран және кеме моделдеу).