2023 жылдың 7 сәуір күні Өскемен қаласындағы мұғалімдердің қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында білім беру саласындағы педагог-зерттеуші және сертификатталған коуч жаттықтырушы "№24 орта мектептің" музыка пәнінің мұғалімі Березко Ю.В. "Педагогикалық тәжірибедегі коучингтік тәсіл оқушыларда soft skills дағдыларын қалыптастыру шарты ретінде" атты тақырыпта өзінің стендік презентациясын ұсынды.
Әріптесіміз коучинг әдісі арқылы оқушыларды оқытуда мұғалімнің назары саналылықты қалыптастыруға бағытталса, нәтижесінде оқуға деген ынта әр бала үшін жеке мәнге ие болады, яғни ол білімге деген құлшынысын арттыратынын айтады демек оқушы тырысып, нәтижеге жету үшін күш салады деп пайымдайды.
Бірақ әрбір мұғалім кәсіби коучинг курстарынан өтіп, өз шәкірттері үшін мұғалім ғана емес, сонымен бірге дарындылардың жаттықтырушысы, коуч жаттықтырушы және мотиватор бола алатын болса, оқыту мен тәрбиелеу үрдісі одан да тиімдірек болады. Жаңа формат түлегіне жаңа форматтағы мұғалімдер керек!!!